"Сәтті жұлдыз" лотереясын ұйымдастырушы компанияның өкілі Әсемгүл Сыздықова биыл 17 шілдеде Қостанай облысының тұрғыны 2 миллион теңге ұтып алғанын, бірақ ол осы күнге дейін өз сыйақысын алуға келмегенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Алау-ТВ-ға сілтеме жасап.
Сәтті лотереяны сатып алған әйел адам екен. Лотереяны келіншек Қазпошта бөлімшесінен сатып алған. Сөйтіп 2 миллион теңге ұтып алды. Оған пошта қызметкерлері ақшалай сыйақыны алу үшін Қостанайға құжаттармен бару керектігін түсіндірген. Талап сондай енді.
"Біздің қызметкерлер ол әйелге телефон шалып, ақшаны алатын күн мен уақытын белгілеген. Шақырғанбыз ол кісі. Бірақ әйел содан жоқ. Ұялы телефоны болса, сөндірулі. Біз одан сыйақысын алып кетуін сұраймыз. Асықпаса кеш болатынын да ескертеміз. Өйткені, ережеге сәйкес, ұтыс жарияланған күннен бастап 180 күн ішінде сыйақысын алмаса, онда бұл ақша автоматты түрде мемлекет қазынасына аударылады. Бұл арада салық бар. Оның көлемі - 10%, бірақ ол автоматты түрде осы сомадан шегеріледі", - деді Әсемгүл Сыздықова.
Лотерея ойынын ұйымдастырған компания өкілінің айтуынша, бұл Қостанай облысындағы алғашқы қомақты ұтыс.
"Осыған дейін өз жүлдесін немесе сыйақысын алмай кетті деген жағдай болған емес", - дейді ол.