Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы басшысын қабылдады

Ақорда
Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ Басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына орталықтың ағымдағы жұмыс нәтижелері мен жетістіктері, алдағы даму мүмкіндіктері жөнінде мәлімет берілді.

Атап айтқанда, Юрий Пя Президентке жұмыс істеп тұрған орталықтың негізінде ірі ғылыми-зерттеу және білім беру мекемесін құру жоспары туралы айтты. Аталған жоба халықаралық серіктестермен бірлесе отырып жүзеге асырылады.

Қазақстан Президенті орталықтың дамуына ұдайы қолдау көрсететінін айтып, еліміздегі медициналық қызметтердің сапасын арттырып, қолжетімді ете түсудің өте маңызды екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды