Құрбан айтқа орай халыққа демалыс беріле ме

facebook.com
Биылғы Құрбан айт жексенбіге – 11 тамызға түсіп отыр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы Қанат Құлшаманов өзінің Facebook-тегі парақшасында Құрбан айт діни мерекесіне орай не себепті қосымша демалыс күні берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заңның 5 бабына сәйкес, Қазақстанның мереке күндері демалыс күндері болып табылады. Мереке күні демалыс күнімен сәйкес болған жағдайда, мерекеден кейінгі күні демалыс беріледі.

ҚР Еңбек кодексінің 84 бабына сәйкес, Құрбан айттың алғашқы күні демалыс күні болып табылады.

- Биыл Құрбан айттың бірінші күні жексенбіге – 11 тамызға түсіп отыр. Алайда Құрбан айт мемлекеттік және ұлттық мерекелер тізімінде жоқ, сондықтан "Қазақстан Республикасының мерекелері туралы" Заң нормалары Құрбан айтқа жүрмейді. Сол себепті Құрбан айт жексенбіге түсіп қалса, одан кейінгі келесі күнге демалыс берілмейді, - деп түсіндірді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті