"Астана су арнасының" бұрынғы бас директоры 7 жылға сотталды

Zakon.kz/Максим Золотухин
Ол 3 бөлмелі пәтер және 60 мың доллар көлемінде пара алған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті "Астана су арнасы" РМК бұрынғы бас директоры В.Досаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу шараларын мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан мәліметтерге қарағанда, Досаев мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның бас директоры болып жұмыс істеп жүрген кезінде қарамағандағы қызметкер арқылы "Технополисжилстрой" ЖШС-нің басшысынан "Жас отбасы-2" тұрғын үй кешенінен 3 бөлмелі пәтер және 60 мың доллар көлеміндегі параны жылжымайтын мүлікті ЖШС-ге беру қосымша келісімшартын жасағаны үшін алған.

"Биылғы жылдың 14 тамызында Нұр-Сұлтан қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Досаев 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен түзеу мекемесінде өтейді. Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды", - деп атап өтеді ведомстводан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді