"Балалар концлагері" деп аталатын жазба желідегілердің жағасын ұстатты. Қарағандыдағы облыстық балалар үйіне барған Нияз Сүндетәлиев өз көзіне өзі сенбей мұндағы мүшкіл жайттардың барлығын суретке түсіріп, Facebоok-те жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz Елорда Инфоға сілтеме жасап.
Нияз Сүндетәлиевті балалар үйінің өзі шақыртып алған. Оған балалардың алдында сөз сөйлеп, өз өмір тәжріибесімен бөлісуді ұсыныпты. Оған блогер қуана-қуана келсікен. Алайда лагерге барғанда ол жағасын ұстаған.
"Майқұдықтағы балалар үйі шақырған. Келдім. Қарағандыдан 27 шақырымда орналасқан Сольнечный лагері бұл. Жаным түршігіп кетті. Балалардың не кінәсі бар деймін? Содан соң да бұл "балалар концлагеріндегі" масқараны елге жария етейін деп шештім:
1) Волейболь мен баскетбольға арналған алаң асфальтталып тасталған.
2) Балаларға арналған алаңды шөп басқаны сонша, одан кісі басы көрінбейді.
3) Лагерь территориясында баяғыдан жөндеуді қажет ететін тот басқан спорттық темір-терсектер төбе көрсетеді.
4) Жуынатын бөлме, құбырлар... Иісін айтпай-ақ қояйын, ғимараттың кей бөлігінде жарық та жоқ. Электр жүргізілмеген.
5) Балалар өз киімін өздері қолмен жуады. Өйткені бұл ғимаратта кір жуатын жер мүлде жоқ.
6) Өртке қарсы құрылғылар. Ондай ескерту бағаны жоқ. Өрт сөндіретін құрылғы да, тіпті құмның өзі жоқ.
7) Есік алдында кешке жарық жоқ (тас қараңғы)
8 ) Асхана, залдың еденіне су ағып жатыр, есік-терезесі кір-кір, бұрыштары көгерген, шыбын-шіркей қаптап жүр...
9) Актовый залдың қабырғасына жағылған бояулар қопарылып түсіп жатыр, еденге жайылған линолеум жыртық-жыртық, еденнен көктің иісі мүңкіп тұр
10) Балалардың жуынатын бөлмесін, душты көрсетуді сұрағаным едім, басында келіскенмен, артынан айнып қалды. Соған қарағанда ол жақтың жағдайы да мәз емес секілді.
11) Медбике отыратын бөлмеге кірмедім де, бәрі түсінікті секілді онсыз да...
12) Тамаққа отыратын кезде балалар қолын қалай жуатынын көріңіздер видеодан... ", - деп жазды блогер.
Оның үстіне блогер сұрастыра келсе, бұл балалар үйінің қамқорлық кеңесі бар болып шығыпты. Ол да оның төбе шашын тік тұрғызған.
"Осы сурет пен видеоларды сала отырып, Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының әкімдігінің жауапты органдарын, Балалар құқығы жөніндегі өкілетті тұлға Аружан Сайнды, қалалық және облыстық мәслихаттың депутаттарын, қаладағы және облыстағы қоғамдық ұйымдарды, "Nur Otan" партиясын осы мәселеге назар аударуды сұраймын", деп сөзін қорытады Нияз Сүндетәлиев.