Алматы әкімінің бұйрығымен ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Ерлан Қожағапанов қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның соңғы лауазымы – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі болатын.
Қожағапанов Ерлан Тоқтарханұлы 1968 жылы туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономика мамандығы бойынша бітірді. 1999 жылы - Алматы мемлекеттік университетін "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген. 2006 жылы Ресей Мемлекеттік кеден комитетінің кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірді. 1987-1989 жылдары КСРО Қарулы Күштерінде қызмет етті.
1990 жылдан 1994 жылға дейін – кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.
1994 жылдан 2007 жылға дейін – мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеді.
2007 жылдан 2013 жылға дейін – Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін – ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы және ҚР футбол федерациясының президенті.
2016 жылдан 2017 жылға дейін – ҚР премьер-министрінің кеңесшісі.
2017 жылдан бастап – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі.
Бұған дейін осы лауазымды атқарған Ерлан Әукенов өз еркімен қызметінен кетті.