Бүгін Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді

24 kz
Саяси ұйым төрағасы осыдан бірнеше күн бұрын осы отырысты өткізу жөніндегі қаулыға қол қойып, алдағы Мәжіліс сайлауына қызу дайындық жүргізу керектігін айтқан болатын.

Бүгін елордада Nur Otan партиясы саяси кеңесінің отырысы өтеді. Жиынға ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады, деп хабарлайды Хабар24.

Саяси ұйым төрағасы осыдан бірнеше күн бұрын осы отырысты өткізу жөніндегі қаулыға қол қойып, алдағы Мәжіліс сайлауына қызу дайындық жүргізу керектігін айтқан болатын.

"Саяси кеңес отырысының өтуіне санаулы сағаттар қалды. Отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Сондай-ақ жиынға әкімдер, фракция, жастар ұйымдарының мүшелері қатысады. Тақырып алдағы Мәжіліс сайлауына дайындық болмақ. Саяси шараға дайындық барысы талқыланады. Осыған дейін Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының халыққа жақын болуы туралы нақты тапсырма жүктеген. Бүгінгі отырыс барысында оның барысы егжей-тегжей талқыланады. Қазір жиынға дайындық жүріп жатыр", - дейді тілші жиналыс залынан.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты