Сәкен Қалқаманов Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

facebook.com
Ол бұған дейін Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтың өкімімен облыс әкімінің орынбасары болып Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы 1980 жылы 30 қаңтарда Павлодар қаласында дүниеге келген.

Білімі - жоғары. 2002 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің "шетел тілін білетін журналист" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қазақстанның телеарна және радиосы" Республикалық корпорациясында бастаған.

2000 жылдардан бастап Қазақстанның телеарна және радиосы" Республикалық корпорациясында түрлі лауазымдарда істеген.

2002 жылы "Астана" телеарнасында қызмет атқарып, 2005 жылдан бастап "ҚазМұнайГаз" барлау-өндіру АҚ ақпарат-талдау орталығының баспасөз қызметінде;

2008 жылдан бастап "ҚазАгро Ұлттық Басқарушы Холдингі" АҚ баспасөз қызметінің баспасөз хатшысы;

2011 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қоғаммен байланыс басқармасының басшысы;

2016 жылдан 2018 жылға дейін түрлі жеке компанияларда және "КазАгроМаркетинг" ЖШС-нің басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі болған.

2019 жылдан бастап, Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2015 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.

Түркістан облысы әкімінің орынбасары идеология, білім және мәдениет саласына жауапты болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты