Арыста 7 мыңнан астам үй қалпына келтірілді

elorda.info
уқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған.

Арыс қаласында 7262 үйдің негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды, оның 549-ында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ЕлордаИнфо ҚР ИИДМ сілтеме жасап.

"Ауқымды құрылысқа 4 мыңнан астам жұмысшы жұмылдырылған. Барлығы 472 тұрғын үй апатты деп танылды. Бүгінгі күні құрылысшылар 18 үйді тапсырды, тағы 125 үйдің әрлеу жұмыстары аяқталуда. Тұрғын үй қорының нысандарын толық қалпына келтіру Арыстың 10 секторында жүргізіледі және 20 қыркүйекке дейін аяқталады", – делінген ведомствоның хабарламасында.

Тағы 2 мыңға жуық құрылысшы 10 әлеуметтік және 187 бизнес-нысанды қайта жаңартады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы