Тоқаев мемлекеттік сапармен Қытайға баруға дайындалуда

Ақорда
"Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екіжақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты.

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті.

"Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды