Дариға Назарбаева Президенттің Жолдауына қатысты өз көзқарасын білдірді

Ақорда
Жолдауда еліміздің барлық саласы бойынша терең талдау жасалған, нақты міндеттер көрсетілген.

2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Дариға Назарбаева Сенаттың спикері болып қайта сайланды. Ол депутаттарға өзіне сенім білдіргені үшін алғыс айтты, сөйтіп алда атқарылар жұмыстың басым бағыттарын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Құрметті депутаттар, әріптестер! Маған сенім білдіріп, қолдағандарыңыз үшін рақмет. Бұл - мен үшін үлкен мәртебе және үлкен жауапкершілік. Жоғарғы палатаның басшысы ретінде мен сүйікті Отанымыздың гүлденуі үшін бар күш-жігерімді, білімімді және тәжірибемді ортаға саламын. Бүгін біз Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы Жолдауын тыңдадық. Жолдауда еліміздің барлық саласы бойынша терең талдау жасалған, нақты міндеттер көрсетілген, - деді Дариға Нұрсұлтанқызы

Ол өз әріптестерін әріптесе отырып, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

- Мен барлық әріптестерімді жұдырықтай жұмыла отырып, әріптесе жұмыс істеуге шақырғым келеді. Ол үшін біз алдағы кезеңге арналған жаңа жұмыс жоспарын жасадық. Құрметті депутаттар, біз жасайтын жұмыс сапасына қойылатын талаптар күшейтілді, - деп қорытындылады өз сөзін Сенат спикері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты