Руханият саласына айрықша ден қойды

-
Түйіп айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саланы қамтыған, ел дамуының жаңа белесін айқындаған Жолдауы жүрегімізге жетті.

Дәстүрлі Жолдауды барлық қазақстандықтар секілді біздің де күткеніміз жасырын емес. Жаңа Президент алға қандай мақсаттар қоятыны, қай салаларда реформа жүргізілетіні кім-кімді де қызықтыратыны белгілі ғой. Өйткені еліміздің өркендеу жолы баршамызды толғандырады.

Қасым-Жомарт Кемелұлының Президент ретіндегі алғашқы Жолдауы жүректерге жетті, жұдырықтай етті шымырлатты. Жер мәселесі туралы түрлі дақпырттың тарап кеткені белгілі ғой. Президентіміз бұл дақпыртқа түбегейлі нүкте қойды деп есептеймін. "Жұртшылықты толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталғым келеді.

Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз", – деген Қасым-Жомарт Кемелұлы кемел шешімімен отандастарын шексіз қуантты.

Жалпы биылғы Жолдауда барлық салаға баса назар аударғаны түсінікті ғой. Әсіресе руханият саласы назардан тыс қалмағанына риза болдым. Мемлекет басшысы әдебиетке де, мәдениетке де айрықша ден қойғаны толғандырды.
"Ендігі жылы бәріміз әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өтеміз", – деген Қасым-Жомарт Кемелұлының шуақты ойлары жүректерде қуаныш сезімін тулатты. Шынында да әдебиет – ұлттың жаны. Мұны Мемлекет басшысының жан жүрегімен түсінгені – жанымызға медеу.

Жылдың басты құжатында мәдениет саласының қызметкерлеріне айрықша ден қойғанына тәнті болдым. Театр актерлерінің еңбекақысы өте төмен екені сан мәрте айтылып келе жатқан мәселе ғой. Аянбай тер төгіп жүрген көптеген әріптестерім жалақының аздығынан, әлеуметтік теңсіздіктің салдарынан баспанасыз жүріп жатқаны жайы бар. Осы мәселе қашан оңды шешіледі деп толғанғанымыз жасырын емес еді.

"Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз. Бұл – ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлеріне қатысты мәселе.

Олардың еңбекақысы соңғы жылдары мүлде көбейген жоқ. Соның салдарынан мәдениет қызметкерлері, әсіресе жас мамандар жеңілдігі бар тұрғын үй бағдарламаларына қатыса алмайды", – деген Президент біздің ойымызды оқып қойғандай көрінді. Алдағы уақытта осы бір өткір мәселе оң шешімін тапса, шіркін!

Түйіп айтқанда, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың барлық саланы қамтыған, ел дамуының жаңа белесін айқындаған Жолдауы жүрегімізге жетті. Енді тек барлық мәселелер өз деңгейінде шешімін тауып, еліміз өркендей берсе екен дейміз.

Анар Сағынбекова, Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актрисасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді