Сындарлы қоғамдық диалог - Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық.

Егемен еліміздің тұрақты дамуын қамтитын, барлық салаға тың серпін беретін, халқымыздың игілігін көздейтін шынайы іс-жоспарға құрылған тарихи құжат, яғни мемлекет басшысының жолдауында Қазақстанның алға даму жолына арнайы жұмыстар бекітілетіні белгілі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғашқы жолдауы нақты мәселелерді қарастырады.

Баспана алу әр адамның арман-мақсаты екені өтірік емес. Енді сол арманға өзіңіздің жинаған зейнетақы қорыңыздағы қаржыны жұмсау арқылы жете аласыз. Яғни, мемлекет басшысы арнайы зейнетақы қорындағы жинаған қаражатты әр азамат баспана алуға немесе білімге тиімді қолдануына жағдай жасауды көздейді. Бұл зейнетақы жүйесінің тиімділігін тағы бір мәрте ділелдеп отырғандай.

Бүгінде кәсібін ашып – нәсіп көріп отырғандар біршама. Шағын бизнес болса да еліміздің экономикасына зор үлестерін қосып келе жатқаны даусыз. Енді Президент тапсырмасы бойынша осы бизнес иелері салық төлеуден 3 жылға дейін босатылады. Бұл жас кәсіпкерлердің алға қарай игерілеуіне сүбелі үлесін қосары анық.

Қасым-Жомарт Кемелұлының жолдауындағы басымдылық берілген салалардың бірі – мәдениет саласы. Адамзатты рухани байытатын әлемді қолдау елдің болашағына үлкен әсерін тигізеді. Басшымыздың тапсырмасымен осы саладағы мамандардың еңбекақысы көтеріліп, кітапхана, музей, театрларда қызметкерлеріне аса назар аудартылатын болады.

Президент еліміздегі қоғамдық келі¬сімді нығайту мен ұлтаралық байланысты жетілдіретін тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміз¬дегі этностық топтардың тілі мен мә¬дениетін дамытуға жағдай жасай бере¬міз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ре¬тіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қаты¬нас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұ¬мы¬ла жұмыс жүргізуіміз керек», деп атап көрсетті.

Ел арасында таратылған ең көп қауесет жер сатылу мәселесі жайлы еді. Президентіміз осы сөздерге нүкте қойып, ешқандай жердің сатылмайтынын мәлімдеді.

Алғашқы рет жолданған жолдауға ел зиялылары қолдау көрсетуде. Қазақстанның әрбір азаматы ел келешегі үшін еңбек ететін болса, қандай да бір мәселе шешімін табары сөзсіз.

Тамара Әбдікәрім, Жамбыл облыстық халық шығармашылығы орталығының бас редакторы

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: