Арыста жарылыстан зақымдалған үйлердің 97% қалпына келтірілді

24.kz
Арыс қаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар.

Арыс қаласындағы жарылыстан зақымдалған үйлердің 97% қалпына келтірілді, деп хабарлайды Zakon.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Еліміздің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, апат кезінде 7 мың 634 үй бүлінген. Бүгінге дейін 7 мың 335-сі толық қалпына келтірілді. Комиссияның шешімімен тұруға жарамсыз деп танылған 466 баспана қайта салынуда. Бүгінге дейін оның 188-де құрылыс жұмыстары аяқталып, 142 үйде әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 278 үйдің құрылысы жүруде. Арыс қаласында барлығы 66 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 53 білім беру мекемесі, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт, 1 даңқ аллеясы. Бүгінде соның 59 нысаны тапсырылды. Айта кетейік, Арысты қалпына келтіру үшін 16 секторға бөліп, әр секторға бір-бір облысты жауапты етіп бекіткен болатын.

Бүгінге дейін 9 секторда құрылыс жұмыстары толық аяқталып, құрылысшылар үйлеріне қайтарылды. Қалған секторларда 4 мыңға жуық құрылысшы жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты секторда 57 көп қабатты және 642 жеке тұрғын үй бар. 219 жеке тұрғын үйдің жөндеу жұмыстары аяқталып, 267-інде әрлеу жұмыстары жалғасуда. Ал 156 үй толық қайта салынуда.

Тойгүл Әленова, Арыс қаласының тұрғыны:

- Сносқа кетті үйіміз, содан басынан бастап салды. Рахмет балаларға, олардың өздері де жаңадан бастап жатыр. Фирмаға рақмет, Елбасына рақмет, халқымызға рақмет. Осы халықтың арқасы әйтпесе мүмкін емес. Азық-түлігімізді жеткізіп берді халық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды