Тоқаев ресми сапармен Қытайға келді

Facebook/Берік Уәли
Мемлекет басшысының ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен келіссөздері және Қытайдың саяси және іскер топтарымен бірқатар кездесулер жоспарланған.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға мемлекеттік сапары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің 6-отырысының ашылуына қатысады және Қытай қоғамдық ғылымдар академиясында дәріс оқуы жоспарланған. Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен және Қытайдың бірқатар саяси және іскерлік топтарымен келіссөз өткізеді.

Қазақстан Президенті Қытайға жасаған екі күндік сапарының аясында Ханчжоу қаласына да барып, инновациялық өнімдерді әлемдік нарыққа шығару бойынша көшбасшы "Hikvision" компаниясының жұмысымен танысады. Сонымен қатар бағдарлама бойынша "Alibaba" компаниясының кеңсесіне барып, Джек Мамен кездесу жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы