Ақтөбеде жол апаты кезінде 4 адам тірідей жанып кетті

chehov-vid.ru
Ал Mazda Cronos көлігінің салонындағылар, яғни жүргізуші, оның әйелі, ұлы мен немересі тірідей жанып кетті.

16 қыркүйек күні түнгі сағат 03.45-те Самара-Шымкент тас жолының 934 шақырымындағы Әйтеке би ауданы, Белқопа ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Mazda Cronos көлігін тізгіндеген Темір ауданы Шұбарқұдық ауылының тұрғыны Қарабұтақ ауылынан Ақтөбе бағытында келе жатқан. Ол Самара-Шымкент тас жолының 934 шақырымында Белқопа ауылына жақындағанда жолдың қарсы бетіне шығып, Opel Vectra көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан от тұтанып, Mazda Cronos көлігінің газ агрегаты жарылған, - дейді полициядағылар.

Апат салдарынан Opel Vectra көлігінің жүргізушісі Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, оның әйелі мен баласы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Ал Mazda Cronos көлігінің салонындағылар, яғни жүргізуші, оның әйелі, ұлы мен немересі тірідей жанып кетті.

Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды