Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді
Бүкіл әлемде иммундық-профилактика инфекцияларға қарсы күресуде ең тиімді, үнемді және қолжетімді болып танылған. Қазақстан Республикасында 19 инфекциялық ауруға қарсы вакцинациялау тегін жүргізіледі. Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сапалы вакциналар сатып алынады.
Облыста өткен 2018 жылы 20088 бала тірі туылып, оның 19147 (95,3%) баласына БЦЖ екпесі перзентханаларда жүргізілді. Ал 2019 жылдың 8 айында 13421 бала тірі туылып, 12655 балаға БЦЖ екпесі жүргізілді (93,6%).
Туберкулезге қарсы вакцинациялау балалардың арасында туберкулез менингиті және диссемирленген туберкулез сияқты туберкулездың ауыр жағдайларының дамуына жол бермеуге мүмкіндік берді. 2019 жылдың соңғы 8 айының қорытындысы бойынша аса қауіпті және басқа да карантиндік инфекциялар тіркелмеген.
Соңғы 10 жылда туберкулез ауруының көрсеткіші облыс деңгейінде бүгінгі күнмен салыстырғанда 75,4% (381 жағдайға), оның ішінде жасөспірімдер арасында 78,4% (46 жағдайға), балалар арасында 89,0% (44 жағдайға) төмендеп отыр.
Бұл деректер балаларды вакцинациялауды қоса алғанда туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп отырған шаралардың тиімділігін растайды.
Бірақ, "Japan BCG Laboratory" (Жапония) өндіруші-зауыты (БЦЖ) туберкулезге қарсы вакцинаны 35 елден кері қайтарып алуына байланысты Қазақстанда туберкулезге қарсы вакцинациялау қазіргі уақытта уақытша тоқтата тұрылды.
Маңғыстауда аса қауіпті және карантинді инфекциялар тіркелмеген
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлнар Куркинбаева айтты
2019 жылдың 8 айында аса қауіпті және карантинді инфекциялар (оба, тырысқақ, құтырма, сібір жарасы және т.б.) сонымен қатар полиомиелит, сіреспе, іш сүзегі, паратиф, эпидемиялық паротит, қызамық, құрөзек, іріңді менингит аурулары және топтасқан тағамнан уланулар тіркелген жоқ.
Санитариялық – профилактикалық іс – шаралардың жоспарлы жүргізілуіне байланысты, жекеленген аурулардың төмендеуі байқалады.
Жіті ішек инфекцияларының тобы – 1,7 есеге,
Сальмонеллез - 7,8 есеге,
Бактериальды дизентерия – 3,4 есеге,
Ротавирус инфекциясы – 38,1 есеге,
Тағам токсико инфекциясы –15,7 жағдайға,
Жіті вирусты гепатиттер – 8 жағдайға,
оның ішінде "А" вирусты гепатит – 4 жағдайға,
"В" вирусты гепатит – 2 жағдайға,
"С" вирусты гепатит – 2 жағдайға,
Созылмалы вирусты гепатиттер - 3 жағдайға,
Эхинакоккоз – 9 жағдайға,
ЖРВИ - 6,2 %,
Сифилис - 27,5%,
Бруцеллез – 1 жағдайға
Дегенмен, облыс көлемінде кейбір аурулардың аурушаңдық деңгейінің өскендігі байқалады.
- көкжөтел – 3 жағдайға,
- қызылша - 992 жағдайға,
- тұмау – 10 жағдайға,
- бруцеллез – 1 жағдайға,
- Туберкулез – 4 жағдайға,
- Педикулез - 1,5 есеге.
2019 жылдың 8 айында облыс аймағында 1445 қызылша ауруына күдікті жағдай тіркеліп, оның ішінде 992 жағдайында диагнозы дәлелденді. Дәлелденген 992 жағдайдың 745-і зертханалық және 247 жағдайы клиникалық түрде нақтыланды.
Ауру көрсеткіші орта республикалық көрсеткішпен салыстырғанда 2,6 есеге жоғары.
Жастары бойынша талдау жасағанда, ауырғандардың 611-і (61,6 %) 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиесілі болса, 381-і (38,4%) ересектерді құрады. Контингент бойынша талдау жасағанда ауырғандардың арасынан ең жоғарғы үлесі ұйымдаспаған топтардан – 447 жағдай (45,0 %), жұмыссыздар – 114 жағдай (14,8 %) тіркелді.
Қызылша ауруының тіркелуі республиканың барлық аймақтарында жалғасуда, соның салдарынан қосымша иммундау өткізудің қажеттілігі туындап отыр.
Облыс аймағында ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап желтоқсан айына дейін 9 – 10 ай 29 күн аралығындағы балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстары жүргізілуде.
Егілетін балалардың жоспары жасақталып, барлығы - 15 090 құрады.
Сәуір – тамыз айлары аралығында - 9475 бала жоспарланып, оның ішінде екпемен қамтылғаны - 7918 (83,6%) құрады.
2019 жылдың 16 қыркүйегінен бастап 20 жастан 29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) адамдарға қызылшаға және қызамыққа қарсы қосымша иммундау жұмысы басталды.
Егілуге арнайы контингенттерді (Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері мен жеке құрамы, сотталғандар мен тергеумен қамауға алынғандар) қоса алғанда, 20-29 жас аралығындағы (20 жастан бастап 29 жас 11 ай 29 күнге дейінгі) барлық адамдар, егу мәртебесіне қарамастан болатын жері бойынша вахталық әдіспен еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар жатады. Облысқа 73 600 доза көлемінде қызылшаға және қызамыққа қарсы вакцина бөлінді. Өндіруші елі – "Серим институт Индия"
Жоспарланған контингент саны – 65 610 адам.
Облыс аймағында 16-19.09.2019ж. аралығында барлығы 1447 адам қызылшаға және қызамыққа қарсы екпемен қамтылды. Егілгендер арасынан вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар тіркелген жоқ.
Вакцинация облыстағы медицина мекемелерінің 65 егу кабинетінде жүргізіледі. Иммундау жұмысы біліктілігі қайта қаралған 410 медицина қызметкерлерімен, оның ішінде 103 вакцинатормен ұйымдастырылады.
Қызылша мен қызамыққа қарсы профилактикалық егулерге тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, 2018-2019 жылдары қызылшаға және қызамыққа қарсы егілгендігі туралы құжаттамалық растауы бар адамдар, жүкті әйелдер мен лактация кезеңінде әйелдер иммундауға жатпайды
Қызылша - вируспен шақырылатын жедел жұқпалы ауру. Қызылшаның белгілері - дене температурасының жоғарылауы, бас ауру, денеде бөртпелердің пайда болуы және жөтел қосылуы мүмкін.
Қызылша ауруымен ауырған науқаспен қарым – қатынаста болған екпесі жоқ адамның барлығы ауырады.
Ауру мына асқынулармен қауіпті: соқырлық, отит, пневмония, энцефалит, аурудың ауыр ағымы кезінде науқас өліп кетуі де мүмкін. Қызылшамен ауырған 500 адамның 1 өлім жағдайына ұшырайды.
Қызылша вирусы науқастан сау адамға сөйлесу, жөтелу, түшкіру, тікелей және жанама қарым – қатынаста болғанда жұтқыншақ немесе мұрын бөлінділері арқылы және жұқтырылған бөлмеден шыққан соң да беріледі.
Қызылшамен ауырған науқас бөртпе шыққанға дейінгі 4 күн мен бөртпе шыққаннан кейінгі 4 күн қоршаған ортаға қауіпті. Ауру жұқтырғаннан кейін 7-18 күн аралығында дамиды.
Қызылшаны тек қызылшаға қарсы егілудің көмегі арқылы болдырмауға болады.
Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес қызылшаға қарсы егу жұмыстары 1 жаста, 6 жаста жоспарлы түрде жүргізіледі.
Қызылша ауруы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрделенген кезде және бұрқ ету жағдайы орын алғанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау жүргізуге жол беріледі.
Жедел респираторлы вирусты инфекция (бұдан әрі – ЖРВИ) және тұмаудың эпидемиологиялық маусымы 1-ші қазаннан басталады.
Биылғы жылы қыркүйек айында тұмау ауруына қарсы вакцинаға жергілікті бюджеттен – 39 млн. 015 мың 900 теңге қаражат бөлініп, 45 000 доза көлемінде "Гриппол плюс" вакцинасы (өндіруші елі – Ресей) алынды.
Тұмауға қарсы вакцинамен барлық облыс тұрғындарының 10,0 %-ын егумен қамту жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, облыс аймағында жыл сайын өндіріс орындарындағы жұмыс берушілер есебінен жұмысшыларды және олардың отбасы мүшелерін егумен қамтамасыз ету жүргізіледі.
Облыс көлемінде былтырғы эпидемиологиялық маусымда 164 грипп вирусы А/H1N1 – 25, А/H3N2-137 және В - 2 жағдай тіркелді.
Ағымдағы жылы облыс аймағында 1 менингококк инфекциясы тілкелді, 100 мың халық санына шаққандағы көрсеткіші – 0,14, 2018 жылмен салыстырғанда (тіркелмеген) салыстырғанда 1 ауруға жоғары.
Облыс аймағында менингококк инфекциясының тіркелуінің алдын алу Сауд Арабия патшалығына қажылық сапарға баратын адамдарды медициналық тексеруден өткізіп, менингококк инфекциясына қарсы 137 адамға екпе жүргізіліп, егілгені жөнінде серификат берілді. Биылғы жылы менингококк инфекциясына 150 доза "Нименрикс" вакцинасы (өндіруші елі – Бельгия) алынды. Екпе ақылы түрде ұйымдастырылды. Егілгендер арасынан вакцинадан кейінгі реакциялар және асқынулар тіркелген жоқ.
Қоршаған ортадағы су көздеріне зертханалық мониторинг жүргізілді. Полимеразды тізбек әдісімен (ПЦР) энтеровирус инфекциясына тексерілді: ағымды су көздерінен – 30 сынама, нәтижесі оң – 4 сынама. Бассеин - 25, нәтижесі теріс, ашық су көздері – 66 сынама, нәтижесі теріс.