Нұр-Сұлтанда митингке қатысқан 4 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

udf.by
Ол Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 50-ге жуық заң бұзушы полиция бөліміне жеткізілгенін айтады. Оның төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қалғандары түсініктеме жұмысынан соң үйлеріне жіберілген.

Нұр-Сұлтан қаласындағы полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов елордада өткен митингіге қатысты жағдайды таратып айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдында елордада 57 адам ұсталғаны хабарланған болатын.

- Қазақстанда тыйым салынған экстремистік ұйым 21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингіге шығуға елді жаппай шақырды. Прокуратура алдын ала бірнеше рет ескерту жасағанына қарамастан, кейбір адамдар арандатушылыққа бой алдырып, еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, заңсыз әрекеттерге барды. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу үшін заңда белгіленген шараларды қолданды. Рұқсат етілмеген митингіге қатысушылар арасында қоғамдық тәртіпті бұзып, жол-көлік қозғалысына кедергі келтіріп, сондай-ақ полиция қызметкерлеріне бағынбай, қыр көрсеткендер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Заң бұзушыларды ұстау кезінде арнайы құралдар қолданылмады, бәрі заң аясында жүргізілді, - дейді Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов.

Ол Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 50-ге жуық заң бұзушы полиция бөліміне жеткізілгенін айтады. Оның төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал қалғандары түсініктеме жұмысынан соң үйлеріне жіберілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз