Илья Ильин әлем чемпионатында 13-ші орын алды

Қазақстандық Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетеді.

Паттайяда ауыр атлетикадан өтіп жатқан 2019 жылғы әлем чемпионатында қазақстандық Илья Ильин 96 келіге дейінгі салмақта 13-ші орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Қос жаттығу қорытындысы бойынша Ильин 363 (168+195) келіні көтерді. Жұлқа көтеруде ол 171 келіге барған үшінші әрекетін сәтсіз аяқтап, сегізінші болып қалды. Серпе көтеруде Ильиннің алғашқы әрекеті ғана сәтті аяқтады, қалған екеуінде 200 келіні көтере алмай, 20-сыншы нәтиже көрсетті.

Әлем чемпионы атағын қытайлық Тянь Тао жеңіп алды – 410 (180+230) келі, күмісті Катар өкілі Фарес Ибрахим алды – 402 (178+224), қола жүлдегер Грузия өкілі Антон Плесной болды – 394 (181+213).

Қазақстанның 2019 жылғы әлем чемпионатындағы жалғыз медалін әзірге 55 келіге дейінгі салмақта күміс алған Игорь Сон әперді. Арли Чонтей (55-ке дейін), Нижат Рахимов, Айдар Казов (81-ге дейін) және Денис Уланов (89-ға дейін) турнирді жүлдесіз аяқтады. 26 қыркүйек Қазақстанның соңғы өкілі Ибрагим Берсанов 109 келіге дейінгі салмақта жарысқа шығады.

Әйелдер арасында Зульфия Чиншанломыз (55 келіге дейін) төртінші орын алып қалды, Екатерина Быкова (71 келіге дейін) жетінші нәтиже көрсетті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: