Жаңақорғанда шенеунік 600 мың теңге пара алды

zakon.kz
Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

"Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті "Жаңақорған ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" КММ басшысы А. Ахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Ол К.Берженбаев деген азаматтан аталған КММ маманы ретінде жұмысқа орналасқаны үшін 600 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген.

Ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде Қызылорда облысының Жаңақорған аудандық сотының үкімімен Ахметовке пара алғаны үшін 30 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметтен шеттетілді.

Осы үкім бойынша Берженбаевқа пара бергені үшін 9 млн.теңге көлемінде айыппұл салу жазасы белгіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қазгидромет" үш қала тұрғындарына маңызды ескерту жасады