Елордада бюджеттік қызметкерлерге де жалға пәтер берілетін болды

depositphotos
Жалға пәтер алу туралы заң жобасының тұжырымдамасы 8 қазанға дейін жарияланады.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі елордадағы мемлекеттік және бюджеттік ұйымдарының қызметкерлеріне тұрғын үй қорынан жалға пәтерлер беруді ұсынды. Бұл пәтерлер өздерінің үйлерін алуға кезектері келгенше берілетін болады, деп хабарлады Хабар 24 "Крыша" басылымына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің қоғамдағы беделін арттыруды да көздеп отыр. Жалға пәтер алу туралы заң жобасының тұжырымдамасы 8 қазанға дейін жарияланады. Бұған дейін жастарға арналған баспананы алу үшін қандай құжаттар тапсыру қажет екендігі жарияланған болатын.

Сондай-ақ, министрлік тұрақты тіркеуге тұру мәселелерін де қозғады. Министрліктің айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласындағы Оңтүстік-шығыс ауданындағы үйлердің бірінде 1700 адам тіркелген. Биыл қаладағы көші-қон қызметі мен полиция қызметкерлері осындай пәтерлерден 20 478 адамды тіркеуден шығарып, 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты