Қар жауып, үсік жүреді. Алдағы үш күннің ауа-райы болжамы жарияланды

bessarabiainform.com
Алдағы үш күнде еліміздің бес өңірінде күн күрт суытады.

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа-райы болжамын жариялап, еліміздің кейбір өңірінде қар жауу ықтималдылығын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

"Алдағы үш күнде еліміздің бес өңірінде күн күрт суытады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, шығысында, оңтүстік шығыста және республикамыздың орталығында алдағы үш күнде ауа температурасы күрт төмендеп, үсік жүреді. Сонымен бірге, Ресейден ығысып келген суық ауа Ақтөбе облысынан өзге өңірлерге жылжымақ. Соның әсерінен республикамыздың басым бөлігінде жауын-шашын болады. Қатты жел тұрып, солтүстік облыстарда жаңбыр қыпылық қарға ауысады. Егер өткен үш тәулікте ауа температурасы оңтүстікте, орталық пен шығыста қалыпты нормадан 3…6°С жоғары болса, сенбі күні нормаға жақындайды. Ал жексенбі күні барлық өңірлерде ауа температурасы нормадан 3…8°С төмен болад", делінеді синоптиктердің болжамында.


Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады