Бейсенбіде елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

pixnio.com
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың солтүстік, орталық және шығысының кей жерлерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, түнде кей жерлерде жауын-шашын жауады (жаңбыр, жылбысқы қар) күндіз жаңбыр жауады, кей жерлерде жел күшейеді, тұман күтіледі.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының кей жерлерінде, Карағанды облысының оңтүстік, оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек