Елбасы Жак Ширактың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

elbasy.kz
Фарнцияның бұрынғы президенті 26 қыркүйекте дүниеден озды.

Нұрсұлтан Назарбаев Францияның бұрынғы президенті Жак Ширактың өмірден өткені туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, президент Эмманюэль Макронға және барша Франция халқына көңіл айтты.

"Ол өз елінің нағыз патриоты және халықаралық деңгейдегі біртуар саясаткер ретінде аянбай еңбек етті. Сонымен қатар Қазақстан мен Франция арасындағы өзара сенімге құрылған диалог пен достық қарым-қатынасты нығайтуға баға жетпес еңбек сіңіргенін ерекше атап өткім келеді. Жак Ширактың жарқын бейнесі тек француз халқының ғана емес, әлем жұртшылығының жадында әрдайым сақталады деп сенемін", - деп айтылған жеделхатта.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады