Полицейлер латын әліпбиінің мәселелерін талқылады

Еліміздің 2025 жылы латын әліпбиіне толықтай көшірілуі жоспарланып отыр.

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәжіліс залында облыстық "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының оқытушылары тәртіп сақшыларына арнап латын емлесі бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында латын әліпбиінде қиындық тудыратын әріптер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді. Сонымен қатар, биыл латын курсын оқыту бойынша курстар ашылғандығы және аталған курсқа ынта білдірген қызметкерлер тегін қабылданатыны айтылды.

"Қазіргі уақытта облыстық "Тіл" оқу-әдістемелік орталығында 25 қызметкер латын емлесінің курсында дәріс алуда. Департамент басшылығы полицейлердің латын әліпбиін жоғары деңгейде меңгеруіне мүдделі. Осыған орай, осы мақсатта департаментте барлық жағдай жасалған", - деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

"Еліміздің 2025 жылы латын әліпбиіне толықтай көшірілуі жоспарланып отыр. Сондықтан, қазіргі уақытта көшу үшін дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қызметкерлер оқытылуда, семинар-кеңестер ұйымдастырылуда. Жаңа әліпбиді үйренем деушілер болса, біздің есігіміз әрдайым ашық", - деді өз сөзінде "Тіл" оқу-әдістемелік орталығының оқытушысы Жанар Елесбаева.

Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, латын графикасына негізделген 15 пернетақта берілген. Аталған пернатақтаны Полиция департаментінің 36 қызметкері сынақтан өткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: