Алматы мен Жамбыл облысында полиция көлігінің макеттері орнатылды

Алматы облыстық ПД
Алматы және Жамбыл облыстарында жол қауіпсіздігі күшейтілуде.

"QazAvtoJol" ҰК» АҚ Алматы және Жамбыл облыстық полиция Департаментінің әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп қауіпті аймақтар және жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жол учаскелерінде "жол-патрульдік полиция" көлігінің макеттерін орнатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл іс-шара республикалық маңызы бар автожолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын асырмау үшін ұйымдастырылуда.

Қазіргі таңда Алматы облысы бойынша 5 макет, ал Жамбыл облысында 4 макет жол жиегіне қойылған.

Алдағы уақытта мұндай макеттерді еліміздегі барлық республикалық маңызы бар автожолдардың бойында орнату жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

7 сәуір – күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасұлының туған күні

Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді