"Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры сотталды

otyrar.kz
Балқаш қалалық "Балқаш Су" КМК бұрынғы директоры лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін сотталды.

Қарағанды облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры Т.О.Ежибаевқа қатысты қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол Балқаш коммуналдық қызметтер бойынша тарифтік сметаны негізсіз көтеру арқылы 282 млн. теңге сомасында қаласының тұрғындарына шығын келтіріп, лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген болатын. Келтірілген шығын өтемдік тарифті енгізу есебінен толық өтелді.

Ағымдағы жылдың 3 қазанында Балқаш қалалық сотының үкімімен Балқаш қаласы әкімдігінің "Балқаш Су" КМК-ның бұрынғы директоры қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін сотталып, оған 3 жыл 6 ай мерзіміне бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды..

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс