Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметінен қуылмақ

gazeta.kz
Сонымен бірге, вице-министр шетінеген нәрестенің ата-анасынан кешірім сұрады.

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығару ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Денсаулық сақтау вици-министрі Ләззат Ақтаеваның айтуынша, мұндай шешімге Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінуі себеп болған. Сондай-ақ, аталмыш перзентхана орталығының қызметкерлерінің жемқорлыққа байланысты қылмыстық іске қатысты болуы да ықпал еткен.

"Атырау облыстық перзентхана орталығы облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарайды. Осыған байланысты министр (Біртанов-авт.) мұндай жағдайлардың тіркелгенін естіп кеше Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан шығаруды ұсынды. Басқарма басшысы өз еркімен жұмыстан кететінін айтты. Бұдан бұрын айтқанымдай, бас дәрігерлерді тағайындау немесе оларды алып тастау – жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатады", - деді ол елордада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифинг барысында.

Сонымен бірге, вице-министр шетінеген нәрестенің ата-анасынан кешірім сұрады.

"Мен қайғы жамылған отбасыға көңіл айтып, кешірім сұраймын. Алайда, қасақана кісі өлтіру фактісін жүргізіліп жатқан тергеу анықтайды", - деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында перзентхана орталығының басшысы мен дәрігері жаңа туған нәрестені тоңазытқыш камерасына салып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Қазақстан колледждеріне құжат қабылдау мерзімі жарияланды: 140 мың грант бөлінген