Түркістан облысында күн электр станциясы салынады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.

Түркістан облысы, Отырар ауданының Шәуілдір ауылында салынатын күн қуат станциясының қуаттылығы 50 МВт құрайды деп жоспарлануда.

Осыған орай, жобаның құжаттамасымен таныстырып, аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыруды түсіндіру мақсатында семинар өтті. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұйымдастырған іс-шараның мақсаты – әлеуетті инвесторлар үшін заңнамалық тұрғыда түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Алдағы уақытта осы кәсіпті жүргізетін салымшылар арасында іріктеу өткізіліп, жеңімпаздары анықталады. Семинарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі, БҰҰДБ сарапшы-мамандары, жергілікті атқарушы органдар, аудан, қала әкімдіктері, коммуналдық кәсіпорындар, аймақтық электр желілері компанияларының қызметкерлері мен ЮСАИД және Қытай, Франция, Италия, Польша мемлекеттерінің инвесторлары қатысты.

Жиын соңында қатысушылар жаңа нысанның бой көтеретін жерін көріп, орналасуының ыңғайлылығын таразылады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді