Тоқаев Еуропалық комиссия төрағасын туған күнімен құттықтады

Ақорда
"Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Урсула фон дер Ляйенге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Еуропалық Комиссияның сайланған Президенті Урсула фон дер Ляйенді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Жеделхатта Еуропалық Одақ Урсула фон дер Ляйеннің басшылығымен өзінің іргетасын нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, халықаралық аренадағы мерейін арттыру жолында биік белестерді бағындырып, игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестігін білдірген.

"Қазіргі таңда өңірдің тұрақты ілгерілеуі мен өркендеуі үшін Кеңейтілген серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісім және ЕО-ның Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы неғұрлым берік байланыстардың жаңа дәуіріне жол ашуда. Алдағы жылдары Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасында достық негізінде қалыптасқан жемісті қатынастардың одан әрі дами түсетініне кәміл сенемін", – деп жазды Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еурокомиссияның сайланған Президентіне мол табыс пен сәттілік тіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді