Алматы облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 70-ке жуық дерегі ашылды

wikimedia.org
"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы 5 қазанда басталып, айдың соңына дейін жалғасатын болады.

Алматы облысының тәртіп сақшылары табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, 5 күн ішінде табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзудың 67 дерегін анықтады. Оның 16 дерегі бойынша қылмыстық өндіріс қозғалды, - деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алматы –Өскемен автожолында Шығыс Қазақстан облысының 40 жастағы азаматының көлігінен тасымалдауға қажетті құжаттары жоқ 5 тонна ақсерке балығы табылды. Қазіргі уақытта мемлекетке келтірілген шығын есептелуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде істің мән-жайы анықталатын болады.

Бұған дейін полицейлер балқаш ауданынында жабайы шошқаны заңсыз атып алған жергілікті тұрғынды ұстады. Оның мемлекетке 630 мыңнан астам шығын келтіргені анықталды.

Сондай-ақ, Кербұлақ ауданының тұрғынын пайдалануға тыйым салынған электр тоғы бар қармақпен балық аулағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделуде.

Қапшағай су қоймасында Іле ауданының заңсыз балық аулауды кәсіп қылған төрт тұрғынынан 4 қайық және олардың қозғалтқыштары мен 159 кило балық тәркіленді. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полицейлер таратқан ақпаратқа сәйкес, "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы 5 қазанда басталып, айдың соңына дейін жалғасатын болады. Бес күн ішінде полицейлер заңсыз ағаш кесудің – 9, балық аулау заңнамасын бұзудың -6, аң аулаудың бір дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, 47 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды