Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

twitter.com/GGGBoxing
Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді.

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

TheAthletic мәліметі бойынша, Головкин келесі жекпе-жегінде поляк Камил Шереметамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер Шереметаны ықтимал қарсыластар тізіміне қосқан еді.

"Головкин титулдарын Шереметаға қарсы жекпе-жекте қорғау үшін келісімшартқа отырды, енді ол міндетті жекпе-жек саналуы үшін IBF-тің келісімін күтіп отыр. Егер Сауль Альварес үшінші кездесуді мамырда өткізуді қаламаса, бұл жекпе-жек келесі жылдың басында болады", – деді журналист Майкл Бенсон Twitter-парақшасында.

Головкиннің соңғы жекпе-жегі 5 қазанда Нью-Йоркте украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы өткен. Кездесу 12 раундқа созылып, қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен жеңген болатын. Осылайша, Головкин IBF және IBO титулдарын иеленген еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды