Шалқар жол дистанциясының бастығы парамен ұсталып тұр

видеодан кадр
"ҚТЖ "ҰК" АҚ Ақтөбе бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Ақтөбе облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "ҚТЖ "ҰК" АҚ филиалы Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің Шалқар жол дистанциясының бастығына қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол азаматтан оның ұлын жұмысқа орналастырғаны үшін жалпы сомасы 1 200 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда, күдікті ұсталып, Ақтөбе қ. ПБ-ның УҰИ-ға (уақытша ұстау изоляторына) қамауға алынды.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды