Головкиннің келесі қарсылас польшалық боксшы болуы мүмкін

Sports.kz
GGG польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасуы мүмкін.

IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн оның келесі қарсыласы кім болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сілтеме жасап.

Оның айтуынша, GGG польшалық Камил Шереметамен жұдырықтасуы мүмкін.

"Головкиннің чикаголық жанкүйерлер арасындағы абырой-беделі биік. Егер ол Камил Шереметамен шаршы алаңға шығатын болса, оны Чикагода өткізген дұрыс. Онда өте үлкен поляк диаспорасы бар. Шереметамен айқас туралы айтуға әлі ерте, дегенмен біз ол нұсқаны қарастырып жатырмыз. Менің ойымша, бұл жекпе-жекті өткізуге тура келеді. Өйткені титулды жеңіп алған соң саған міндетті қарсыласты бекітіп береді. Әзірге IBF ондай ештеңе талап еткен жоқ, бірақ біз келіссөз жүргізіп жатырмыз. Шеремета титулдың қайтадан босағанын көздеп отыр", - деп келтіреді Хирнның сөзін Boxing News 24.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді