Жаңаөзен қалалық сотының судьясы пара алғаны үшін сотталды

zakon.kz
Судья 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Жаңаөзен қалалық сотының судьясы А.С. Сейлхановаға және аталған қала әкімдігінің ТКШ бас маманы А.Е. Ақназаровқа қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сейлханова А.С. Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімінің талап арызын қараусыз қалдыру туралы өкім шығарғаны үшін азамат А.Е. Ақназаров арқылы 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген болатын.

Бұл фактіні сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ішкі қауіпсіздік және Жоғарғы Соттағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп анықтады.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Ақтау қалалық сотының үкімімен: А.С. Сейлханова сотталып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Осы сот үкімімен А.Е. Ақназаров та сотталып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Аталған тұлғалар мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды