Түркістан облысында шенеунік жайылым жер үшін 400 мың теңге пара алған

arnapress.kz
Бәйдібек ауданының жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деп күдіктелуде.

Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен Бәйдібек ауданының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ сектор меңгерушісіне қатысты оның әкімдіктің "Жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы лауазымын атқарған мерзімінде сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған лауазымды тұлға 2019 жылдың қыркүйек айында жайылым үшін жер учаскесін бөлгені үшін азаматтан бұрын алынған 400 мың теңге мөлшерінде параны қайтару кезінде әшкереленген.

Күдіктінің және оның қорғаушысының сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу жүргізу туралы өтінішхатына байланысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды