"Әлемді тану" пәніне арналған дәптердегі тапсырма ата-аналардың ашуын туғызды

Ата-ана оқулық дәптеріндегі тапсырманы "Біздің Ресей" қойылымындағы жағымсыз кейіпкер Снежана Денисовнаның оқиғасына ұқсатқан.

4-сыныпқа арналған "Әлемді тану" пәні дәптеріндегі тапсырма ата-аналардың ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде Борис Сартаев мұндағы тапсырманы сынап, оны "Біздің Ресей" қойылымындағы жағымсыз кейіпкер Снежана Денисовнаның оқиғасына ұқсатқан.

- Өз басым, мұндай оқулықтар мен мұндай тапсырмаларға түбегейлі қарсымын. Бұл арада мәселе менің бірнәрсені жасырғым келіп тұрғанында емес (дәрігердің жалақысы мәз емес екенін жақсы білесіздер), бірақ балалар арқылы осылай ақпарат жинаудың өзі заңсыз, бұл заңға қайшы нәрсе, - деп жазды Борис Сартаев.

Бұл дәптерді Aтамұра корпорациясы басып шығарған. Баспа үйі оқулық пен жұмыс дәптері ҚР БҒМ-ның 2018 жылдың 10 мамырда бекіткен № 199 бұйрығы бойынша тағайындалған оқу бағдарламасы жоспарына сәйкес жасалғанын айтты.

4-сыныпқа арналған "Әлемді тану" пәнінің "Біздің отбасылық бюджетіміз" бөлімшесінде мынандай мақсаттар қарастырылған:

4.1.1.3 - отбасы бюджетінің кірісі мен шығысына талдау жасау;

4.1.1.4 - отбасылық бюджетті оңтайландыру жолдарын ұсыну.

Бағдарламаға сәйкес бұл мақсаттар орындалуы керек.

- Бұл тапсырма оқушылардың С деңгейіндегі (талдау және синтез) тапсырманы орындау үшін ұсынылған. Әрине, бұл жаттығуды орындау үшін бала ата-аналарға жүгінеді, олар өз кезегінде балаға отбасылық бюджет тек ата-аналардың жалақысы ғана емес, сонымен қатар тұрақты шығындардан тұратынын түсіндіреді. Бұл жаттығудың негізгі мақсаты: отбасылық бюджетті бірлесе талдау, отбасы бюджетінің шығысын оңтайландырудың ұтымды жолдары бар-жоғын білу.

Балалар үнемшіл болуды білуі керек, отбасылық бюджетті үнемдеуге болатынын да түсінуі тиіс. Шынында да, отбасылық бюджетті талдау баланың қаржылық сауаттылығын ашады. Назар аударыңыз, кестеге енгізілген мәліметтер, тіпті сынып қабырғаларында өңдеуге жатпайды, үшінші біреуге берілмейді, көпшілікке жария етілмейді, - дейді "Әлемді тану" оқулығының авторы С.Ш.Салиш.

Бұл оқу-әдістемелік кешен мемлекеттік және кәсіби тексерудің барлық кезеңінен өтті және оқу бағдарламасы бойынша қатаң түзілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: