"Ашық аспан" тапсырмасы: Қазақстан мен Малайзия арасында жаңа рейстер ашылады

knews.kg
Малайзиялық тарапқа Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей әуежайлары арқылы ірі әлемдік қаржы орталықтарына "ашық аспан" режимімен ұшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.

Азиядағы ең арзан әуе тасымалымен айналысатын компания Қазақстанға тікелей рейстер ашуға ниетті, деп хабарлайды Zakon.kz Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- Куала-Лумпурда ҚР Азаматтық авиация комитетінің, Малайзиядағы ҚР Елшілігінің және Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағанды ​​әуежайларының өкілдерінен тұратын қазақстандық делегациясы Air Asia компаниялары тобының құрылтайшысымен келіссөздер өткізді. Компания Азиядағы ең арзан авиакомпания болып табылады» делінеді хабарламада.

Тараптар Қазақстан мен Малайзия арасында Air Asia әуе компаниясының тікелей рейстер ашу мүмкіндігін талқылады.

Малайзиялық тарапқа Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Павлодар, Көкшетау, Тараз, Петропавл, Семей әуежайлары арқылы ірі әлемдік қаржы орталықтарына "ашық аспан" режимімен ұшу мүмкіндігін қарастыру ұсынылған.

Өз кезегінде әуекомпания өкілдері Рим, Милан, Ницца және Нью-Йорк қалаларында ауа еркіндігінің бесінші дәрежесімен Алматыда тікелей рейстерді ашуға мүдделі екендіктерін білдіріп отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды