Дмитрий Медведев Дариға Назарбаевамен алғаш қалай танысқанын еске алды

Zakon.kz
ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева Ресейге ресми сапары аясында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведевпен келіссөздер өткізді.

Дмитрий Медведев Назарбаеваны өзі қарсы алды. Келіссөзді бастамас бұрын Ресей үкіметінің басшысы Дариға Назарбаевамен қалай танысқанын еске алды, деп хабарлайды Sputnik.

"Біздің танысқанымызға біраз уақыт болды. Мен ол кезде Ресей президенті әкімшілігінің жетекшісі болатынмын. Бұл шамамен 2003-2004 жылдар еді", - деді Медведев.

Ал Дариға Назарбаева болса, өзінің Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған кезін еске алды. 1980 жылдан бері бәрі қатты өзгергенін атап өтті.

"40 жылдай өтіп кетті", - деп таңғалды ол.

Бұдан соң отырысқа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жоқ. Қазақстандық делегация құрамында Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов, Сенаттың комитет төрағалары Мұхтар Құл-Мұхаммед, Әли Бектаев пен ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі Бектас Мұхамеджанов болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты