Шымкент пен Жетісайда әкімдікте жұмыс істейтін екі басшы парамен ұсталды  

zakon.kz
Бірқатар әкімдік қызметкерлері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деген күдікке ілінді.

2019 жылғы 23 қазанда еліміздің бірқатар өңірлерінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасау күдігі бойынша әкімдіктіктің, соның ішінде басшы құрам қызметкерлері әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен сауда жасауға рұқсат беру және кәсіпкерлік қызметке жалпы қамқорлық жасау үшін азаматтан жалпы сомасы 65 мың теңге алу күдігі бойынша Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін Түркістан облысы Жетісай ауданы Қызылқұм селолық округының әкімі күдікті болды.

Ол жеке тұрғын үй құрылысына жер телімін беру үшін азаматтан 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді олардың кінәлілігінің деңгейін анықтай отырып, сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі