Тоқаев Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичті қабылдап, әңгіме-дүкен құрды

Ақорда
Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Президентке кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыстарын айтты.

Мемлекет басшысы атақты теннисшілерді "Ақорда" резиденциясында қабылдап, Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичке Қазақстанға келгендері және қайырымдылық матчына қатысатындары үшін ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Бұл – қазіргі заманның даңқты теннисшілерінің ойынын Қазақстанда көруге керемет мүмкіндік. Аталған матчтың қайырымдылық мақсатта өтіп отырғаны аса маңызды. Сіздердің астанамызға келгендеріңіз Қазақстанда дамып келе жатқан тенниске үлкен қолдау екені даусыз. Бүгінгі балаларға көрсететін шеберлік сабақтарыңыз оларға жақсы үлгі болады және шабыттандырады деп сенемін,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстандағы теннистің дамуына жоғары баға берген Рафаэль Надаль мен Новак Джокович Президентке кездесуге мүмкіндік жасағаны және тенниске көрсетіп отырған қолдауы үшін алғыстарын айтты.

– Бұл - менің Қазақстанға үшінші рет келуім. Әр келген сайын әсем Елорданың келбетінен рахат табамын. Дегенмен бұл жолғы сапарым ерекше. Өйткені ғажап "Ақорда" сарайында Өзіңізбен кездесуге мүмкіндік алдым,– деп атап өтті Рафаэль Надаль.

– Президент мырза, Қазақстанда тенниске көрсеткен қолдауыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді. Біз елдеріңізде теннистің насихатталуына және дамуына өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз,– деді Новак Джокович.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларға табыс тілеп, Рафаэль Надальді шаңырақ көтеруімен құттықтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды