Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыда жүр. Екі күн болады

Ақорда
Президент бірқатар кездесу өткізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына екі күндік жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы facebook-те Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

Президент бүгін "Жаңа Алматы" бағдарламасының тұсаукесерімен танысып, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілеріне пәтер кілттерін табыс етіп, Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңеске қатысады.

Сонымен қатар "Tech Garden" инновациялық кластерінің жұмысымен, Инвестиция үйінің тыныс-тіршілігімен танысады. Бұдан бөлек әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіне барып, онда оқу корпусы мен "Керемет" студенттерге қызмет көрсету орталығында болады.

Жұмыс сапарының екінші күнінде Мемлекет басшысы Алматыдағы резиденциясында бірқатар кездесулер өткізеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін