"Рухани Жаңғыру" аясында 15 млн теңге пара алған шенеунік ұсталды

zakon.kz
Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы" ММ басшысына қатысты ірі көлемде пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шенеунік 2019 жылдың мамыр - қазан айлары аралығында "Рухани Жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облыстық өлкетану мұражайы мен М.Ғабдуллин атындағы мұражайдың экспозициясын жаңарту бойынша орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерден бірнеше рет жалпы сомасы 15 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

28 қазан күні параның қалған 5 млн 700 мың теңге сомасын алу кезінде күдікті қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау қ. ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды