Полиция Алматының алма бақтарына зиян келтірген күдіктілерді анықтады

facebook.com / Ибраш Нусупбаев
Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Алматы полициясы қара топырақты ұрлаумен және сирек кездесетін "апорт" пен "кандиль" алмасы өсетін баққа зиян келтірген күдіктілерді анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

"Бұл қылмыстық іспен Алматы қаласы ПД тергеу бөлімінің қызметкерлері айналысуда. Күдіктілер анықталды. Қазір қылмыстық-процестік кодекс (ҚПК) бойынша тергеу шаралары жүргізілуде. Сонымен қатар, келтірілген зиянның мөлшерін анықтау үшін тергеуге орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның мамандары тартылды. Мұндай заң бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша шаралар қабылдануда", - деп хабарлады Алматы полициясы.

Бұған дейін, алматылық әйел ата-анасы өсірген алмабақ ағаштарын біреулердің отап кеткенін айтып, көпшіліктен көмек сұраған болатын. Онда сирек кездесетін "апорт" және "кандиль" сорттары өскен. Белгісіз біреулер қоршауды бұзып, жеміс ағаштарын тамырымен қопарып алып тастаған.

Алматылықтың шағымынан кейін полиция істі тергеуді бастады.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы, 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Айта кетейік, бүгін Алматы әкімдігінде өткен жиында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Іле Алатауының бөктеріндегі алма бақтарын сақтау мәселесін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Жоғары шенді боққарындар! Қашан тоясыңдар?

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Білім беру жинақтау салымы бойынша түзетулер енгізілді

Астанада Тарихшылардың ұлттық конгресінің форумы өтті

Тұман, көктайғақ: ертең қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстандағы мобильді аударымдар: қандай азаматтар тексеріледі