Лексус көлігін жалған құжатпен Қазақстаннан алып өтпек болғандар ұсталды

wikipedia.org
Автокөлікті Ресейден Тәжікстанға алып өтпек болған.

Бағалы жол талғамайтын көлікті Ресейден ҚР аумағына келген. Алайда, "Қазығұрт" кедендік бекеті қызметкерлері бұзушылықты анықтап, бұл көлік Қазақстан аумағынан шыға алмады, деп хабарлайды Zakon.kz Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жаса.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қазығұрт" кеден бекетінің қызметкерлері шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерелрімен бірлесіп кедендік бақылау барысында Ресейден Тәжікстанға "Қазығұрт" кеден бекеті арқылы контрабандалық жолмен алып өтпек болған 2019 жылы шығарылған мемлекеттік нөмірі K 820 УМ/13 RUS, "LEXUS LX 570" маркалы автокөлікті ұстады.

Кедендік бақылау барысында 1987 жылы туылған Ресей азаматы Ю.Г. контрабандалық жолмен жалған құжаттарды қолдана отырып аталған автокөлікті Ресейден Тәжікстанға алып өтпек болғаны анықталды.

Сонымен қатар, тексеру барысында "Интеграцияланған деректер қорындағы" ақпаратқа сәйкес, аталған автокөлік құралының кедендік құны 90 409 АҚШ долларын немесе 35 246 853 тенгені құрайтыны белгілі болды.

Осылайша, Ресей азаматы Ю.Г. іс әрекетінде ҚР ҚК 234 бабында көзделген (экономикалық контрабанда) қылмыс белгілері байқалады.

Аталған факті бойынша жинақталған материал сотқа дейінгі тергеудің біріңғай тізіміне тіркеп, процестік шешім қабылдау үшін тергеу реттілігімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Еске сала кетейік, дәл осындай заң бұзушылық аталған кеден бекетінде тіркелген болатын. Ол кезде контрабандалық жолмен Ресейден Өзбекстанға өтпек болған Lexus NX 200 маркалы автокөлік ұсталды. Құжаттарында көрсетілген деректер (баратын жері, көлік атауы) қате жазылған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты