Қазақстанда жемқор шенеуніктерді мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу ұсынылды

Zakon.kz
Жыл басынан бері 1,5 мыңнан астам жемқорлық фактісі тіркелген.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлық үшін сотталған шенеуніктерді шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Жоғарғы Соттың сот жүйесін тазарту мәселелеріндегі белсенді ұстанымын ескере отырып, біз осы саладағы қызметкерлерді де бірлесе әшкерелейміз. Осы жылы бесеуі сотталған. Осыған байланысты агенттік құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілігін арттыру туралы бастама көтерді. Сондай-ақ ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандарға қатысты шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасын шектеу ұсынылды, - деді Шпекбаев алқалы жиында.

Жалпылай алғанда, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2 121 құқық бұзушылықты тіркеді, оның 1590-сы - сыбайлас жемқорлық ісі.

"Соңғы үш жыл ішінде кешенді профилактикалық бірлескен шаралардың нәтижесінде сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылықтардың саны 14 процентке азайды", - деді Агенттік басшысы.

Ол қылмыстың негізгі бөлігі парақорлық, ұрлық және өз қызметін асыра пайдалану фактілері болып келетінін баса айтты.

- 1028 адам жауапқа тартылды, оның 23-і - республикалық және 86 -сы аймақтық деңгейдегі басшылар. Алайда, келтірілген залалдың мөлшері едәуір өсті - 23,2 млрд теңге, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп. Мемлекетке келтірілген шығынның 94% өтелді, - деп қорытындылады сөзін Шпекбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты