Президент әкімшілігінде істейтін адам өзін Шпекбаевтың қалай тексергенін айтып берді

ҚазАқпарат
Ол әкім болып тұрғанда тексеруге келген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қызметкерлерін өзінің жұмыс бөлмесіне шайға шақырғанын айтты.

ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Мәлік Мурзалин Ақмола облысының әкімі болып тұрған кезде өзін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысының қалай тексергенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Мен әкім болып жұмыс істеп жүргенмін (Ақмола облысы - ред), Алик Жатқамбайұлы бір күні жұмыс сапарымен тексеруге келді. Кешке таман жұмыс аяқталған соң қонақтарды әкімнің ғимаратына шайға шақырдым. Еуропалық үстел дегенді жаймадым, арақ-шарап қоймадым. Олардың арасында агенттіктің 2-3 өкілі де бар болатын. Бірнеше адам енді. Мен ол кезде жас әкіммін. Шайға үстелге отырдық. Бір уақытта Алик Жатқамбайұлы: "Сіздің көп әріптестеріңіз орынбасарларын шақырып алып, аста-төк дастарқан жасатып, қонақтарын керемет қып күтуге тырысушы еді" деп бір қойды.

Мен сасып, кәдімгідей ойланып қалдым. Содан кейін түсіндім, Агенттік төрағасының, жалпы ондағылардың ұстанымы барлық жерде де бірдей екенін. Яғни, олар мені осылай тексерген екен, - дейді Мурзалин.

Ол осы жайт сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері өздерін қалай ұстайтынын, мемлекеттік қызметкер қандай болу керектігін көрсетіп бергенін айтады.

- Сонда мен бір өзгерістің барын байқадым. Бұдан қорытатын ой, біз, соның ішінде агенттік қызметкерлері де, әрқайсымыз осылайынан адамның өзін қалай ұстау керектігін баршаға үлгі етуіміз керек, - деді Мурзалин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады