Павлодар облыстық полиция департаментінің бастығы жаңадан тағайындалды

ҚР ІІМ
Полиция генерал-майоры Аубакиров Амантай Акрамұлы қызметінен босатылды. Ол ҚР ІІМ орталық аппаратындағы жұмысын жалғастырады.

ҚР Президенті Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша полиция полковнигі Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлы Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция генерал-майоры Аубакиров Амантай Акрамұлы қызметінен босатылды. Ол ҚР ІІМ орталық аппаратындағы жұмысын жалғастырады.

Полиция департаментінің жаңа басшысын әріптестеріне министр Ерлан Тұрғымбаевтың өзі таныстырды.

Мәсімов Нұрлан 1973 жылы туған, ішкі істер органдарында 1999 жылдан бастап қызмет етеді. Басшылық қызметте мол тәжірибесі бар.

9 жыл Алматы облысы және Алматы қаласы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. Биыл мамыр айынан бастап ол Ішкі істер министрлігінің орталық аппаратындағы департаментті басқарды.

Сонымен қатар облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары болып тағайындалған полиция полковнигі Омаров Фархад Мұратбекұлы да таныстырылды.

Министр жаңа басшыларды тағайындауларымен құттықтап, ҚР Президентінің ішкі істер органдарына жүктеген бірқатар нақты тапсырмаларымен, алдыға қойылған міндеттерімен таныстырды.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, ішкі істер органдарын модернизациялау, ең алдымен, қоғамның талаптарына сәйкес келетін жаңа полиция құрылымын қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге қарсы қылмыспен тиімді күресуге дайынбыз, - деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды