Денсаулық сақтау басқармасында жүрген "жүйелі" парақор ұсталды

zakon.kz
Нұр-Сұлтан қ. "Сарыарқа" ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы жүйелі түрде пара алғаны үшін сотталды.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен "Нұр-Сұлтан қ. "Сарыарқа" ауданының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы" ММ санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы С.Қ.Жұматаеваға қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікпен жүргізілген сотқа дейінгі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бірнеше рет қоғамдық тамақтану объектілерін жоспарлы тексеру бойынша оң шешім алғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы мен жүгенсіздікке жол бергені үшін шағын және орта бизнес субъектілерінен 20 мыңнан 30 мың теңгеге дейін (тұрмыстық жемқорлық) пара алды деген күдікке ілінген.

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Нұр-Сұлтан қ. №2 Байқоңыр аудандық сотының үкімімен Жұматаеваға 4,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сол үкіммен пара бергені үшін Култаеваға К.К. 200 мың, Сығаеваға С.Д. – 300 мың, Исамидиновке И.И. - 250 мың тенге көлемінде айыппұл салынды.

Жұматаева өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан айырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды