Омбыда "Тоқаев пен Путин келеді" деп жерді жасыл бояумен бояп тастады

superomsk.ru
Ресми түрде мұндай әрекет шөп егудің жаңа әдісімен түсіндіріледі, бірақ аязда тұқымның келесі жылға тамыр алуы екіталай. Бірақ көзге бұл аумақ көрнекі болып көрінеді екен

Омбыда "Авангард" хоккей академиясындағы жерді жасыл түске бояп тастады, деп хабарлайды Zakon.kz superomsk.ru-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің Омбыға сапарына дайындық толық қарқынмен жүргізілуде. Онда екі елдің басшысы Ресей мен Қазақстан ынтымақтастығының XVI Өңіраралық форумына қатысады.

Мемлекет басшылары қандай нысандарда болатыны, әзірге белгісіз. Қонақтарды қабылдаушы тарап жақында "Авангард" хоккей академиясындағы ұзақ мерзімді құрылысты аяқтап, сол күні олар жерді жасыл түспен бояп қойды.

Ресми түрде мұндай әрекет шөп егудің жаңа әдісімен түсіндіріледі, бірақ аязда тұқымның келесі жылға тамыр алуы екіталай. Бірақ көзге бұл аумақ көрнекі болып көрінеді екен.

Қазақстан мен Ресейдің XVI өңіраралық ынтымақтастық форумы 6-7 қарашада Омбыда өтеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды